Табиғи, пайдалы майонезді үйде жасайық!

506

Майонез – қазіргі таңда ең жиі қолданатын, дәмді әрі пайдалы соустарымыздың бірі. Ол 1756 ж. Франция қаласы Маонда ең алғаш рет дайындалды. Сол жылдардағы (1756-1763жж.) ағылшындар мен француздардың Жетіжылдық соғысы кезеңінде азық-түлік тапшы болғандықтан бір аспаз қалған соңғы азық-түліктерді (өсімдік майы, жұмыртқа мен лимон) араластырып көреді. Нәтижесінде өте дәмді соус пайда болады. Оны «mayonnise», яғни «маондық» деп атап кетеді.

Ал қазіргі майонездерге түрлі дәмдеуіштер, хош иістендіргіштер, синтетикалық консерванттар, дәм күшейткіштер мен тұрақтандырғыштар қосылатындықтан денсаулығымызға зиян емес деп айта алмаймыз. Сондықтан үй жағдайында дайындалған майонез әлдеқайда пайдалы. Ол үшін өсімдік майын, жұмырқаның сарыуызын, сірке суын (лимон шырыны), қант, тұз, қыша мен қалауыңыз бойынша дәмдеуіштер (сарымсақ, аскөк, ақжелкен т.б.) қосып, араластырсаңыз болғаны. Табиғи майонезіміз дайын!

Нағыз мойонез 60% өсімдік майынан тұрады. Ал жұмырқаның саруызы көп болса, дәмдірек болады. Тек дайындағанда аздап, өзіңізге қажетті мөлшерді ғана дайындаңыз. Себебі табиғи майонездің құрамында химикаттар болмағандықтан сақтау мерзімі де аз болады, дәмін де тезірек жоғалтады.

Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?
Тәттіге құмарлықтың себебі неде?
Әйелдердің Рамазан айына дайындығы: қажетті кеңестер
Өзіңіз жайлы білгіңіз келе ме? Онда оқыңыз…
Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз