Сынаушының сылдыр сөзі су түбіне кетірер

435

Досай Байгелұлы

 (1692-1790 жж.)

 Сынаушының сылдыр сөзі су түбіне кетірер

Адал еңбек етпейтін, адамдар арасында өсек таситын мылжың, суайттарды Досай би бетің бар, жүзің бар демей үнемі сынап, бетін қайтарып тастап отырған. Бір күні оның үйіне Бабаата жақтан құда-жекжаттары келіп қонақ боп отырады. Соның ішінде біреуі одан-бұдан сөз айтып, біреулерді сыртынан даттай береді.

Оны жақтырмаған Досай:
-Сынаушының сылдыр сөзі,
Су түбіне кетірер.
Қыздырманың қызыл тілі,
Сүйгеніңнен кетірер.
Біреу сөзін сатады,
Біреу бөзін сатады.
Сөз бергеннің бөзін алсаң,
Киетін көйлек болады.

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз