Соңғы пойыз

781

Бір жігіт медициналық институтты тәмамдаған соң шет аймақтағы бір ауданның медициналық мекемесіне жұмысқа тұрады. Ең алғашқы күні оны бір үйге орналастырады. Үй темір жол станциясының дәл жанында екен. Кешкі асты ішіп болған соң күні бойы шаршағандықтан жігіттің ұйқысы келеді. Алайда ешкім ұйқыға жатуға асығатын емес. Содан соң жігіт үй иесінен:

– Ұйқыға нешеде жатасыздар? – деп сұрайды.

– Балам, соңғы пойызды күтіп отырмыз, келетін уақыты болып қалды, – дейді кісі.

– Жақындарыңызды күтіп отырсыздар ма? – дейді жігіт. Сонда кісі:

– Жоқ, ешқандай туысымыз келмейді. Бұл шет ауыл болғандықтан пойыздан өзге жақтан келе жатқан бұл жерді танымайтын біреу түсуі мүмкін. Біздің үйдің жарығын көріп, осында келеді, далада қалмайды, – деп жауап береді.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз