«Сөйле, Төке» дейсіздер, Жастар бар ма тыңдайтын?…

110

Арығымақ баптап не керек,
Жабы қуып жеткен соң.
Ағайын-туған не керек,
Аңдысып күні өткен соң.
Бес күн жалған өтеді,
Ажал қуып жеткен соң.
Бір төбенің басына,
Тыға салып кеткен соң.
«Сөйле, Төке» дейсіздер,
Жастар бар ма тыңдайтын?
Бұрынғыдай жұрт қайда,
Айтатын оны біз қайда?..

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз