Шайтан адамды қалай азғырады?

654

Шайтан бір тақуа кісіні азғырумен, ал ол онымен күресумен келеді екен. Бір күні Ібіліс қызметшінің кейпіне еніп алады. Кісіні тура жолдан тайдырып, жаман ойлар салып, намазын кешіктіруге бар күшін салып баққанымен, түк те шықпайды. Сонда ол кісіден:

– Сен менің кім екенімді білесің бе? – деп сұрайды

– Әрине. Сені үйіме кіріп келгеннен-ақ танығам.

– Неткен мықты жансың! – деп шайтан азғыруын қайта бастайды. Сен секілді рухы мықты адамды көрмеппін. Жиырма жылдан бері жаныңда жүріп өзімнің айтқанымды еш істете алмай келем…

– Кет әрі! Қазір сен мені мақтап, тәкаппарлықпен улап, құртқың келеді ғой?! Жиырма жылдан бері істей алмай келе жатқан ойыңды жиырма секундта іске асырмақсың ба? Ешнәрсе істей алмайсың, себебі өзімді сенен қорғауын сұрап Жаратушыма үнемі жалбарынып жүрем!

Бұл түні мына дұғаны оқыған жөн

Рамазан өткен соң…

Ризық-несібе сұраудың дұғасы

Намазға асыққан бала

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз