Сары аязда қата ма Қайнардың аққан тұнығы?

926

Сары аязда қата ма
Қайнардың аққан тұнығы?
Қап түбінде жата ма
Болаттың асыл сынығы?
Халқың тозып, кем болмас,
Әділ болса ұлығы.
Рақымсыз жақыннан
Халқы қатты түңілер.
Сырқат болсаң жат жерде,
Жаныңа кім үңілер?!
Әділ туған жақсыға
Екі даугер жүгінер,
Тізесін қисық бұрмаса,
Асылдығы білінер.

Ақтамберді жырау

Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба…

Төле бидің Күлтөбеде айтқан аталы сөзі

Төле бидің Шақшақұлы Жәнібек батырға айтқан ақылы

Төле бидің ұрыларға өсиеті

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз