Рамазанда кез келген адамға сый беріледі, егер…

629

 

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Шағбан айының соңғы күнінде, яғни Рамазан айының қарсаңында сахабаларын жинап алып келе жатқан Қасиетті Рамазанның ерекшелігі мен маңыздылығы жайлы, кез келген адамның бұл қасиетті айда Алланың сыйына бөлену мүмкіндігі бар екенін айтқан:

«Кімде-кім ораза тұтқандарға ауызашар берсе, Алла оған мол сый береді.

Кімде-кім осы айда мінез-құлқын өзгертсе (жақсартса), Сират көпірінен оңай өтеді.

Кімде-кім жетім-жесір, мұқтаж жандарға мейірімділік танытса, Алла да оған Қиямет күні мейірімін төгеді.

Кімде-кім ата-ана, бауырларына, жақындарына жақсылық жасаса, Алла тағала Сол күні олған шапағат етеді, ал керісінше, жаман қарым-қатынас жасаса, Қияметте Алланың мейірімінен құр қалады.

Кімде-кім парыз етілген құлшылықтарын үзбесе, оның сауабы басқа айларға қарағанда жеті есеге көбейеді.

Кімде-кім қосымша құлшылықтарын арттырса, Алла оны тозақтан қорғайды.

Кімде-кім Пайғамбарға (с.ғ.с.) жиі салауат айтса, Қияметте ол адамның жасаған жақсылықтарының салмағы таразыда ауыр басады.

Кімде-кім өз қызметшілерінің жұмысын жеңілдетсе, Алла оның жағдайын жақсартады.

Кімде-кім ешкімге зиянын тигізбесе, Алла оны қаһарынан сақтайды».

Қандай садақаның сауабы көп?

Ана деген осындай!

Табысты болудың басты қағидалары

Рамазанның соңғы 10 күніне қажетті 5 кеңес

Қожанасырдың кеңесі

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз