Рамазан жайлы 6 факті

610

Американдық журналист Антония Блумберг мұсылмандар өміріне, исламға қызығушылық танытып бірнеше жылдан бері жүргізген зерттеуін «Новое время» журналының Huffington Post колонкасында жариялаған. Онда Рамазан айы жайлы мына фактілері келтірілген:

  1. Рамазан – адамдардың қажеттіліктері мен қалауларынан бас тартумен қатар, өсек, өтірік, ғайбат, темекі тарту сияқты жаман әдеттерінен арылатын айы.
  2. Бұл ай – тәнмен қатар, рухани тазарудың, кешірімді болудың, мейірімді, сабырлы болудың зор мүмкіндігі.
  3. Рамазан – мұсылмандар үшін үлкен мейрам, ол айда «Қадір түні» деп аталатын қасиетті түн бар, ол түні шынайы кешірім тілеген адамның күнәлары кешіріледі.
  4. Рамазан – қасиетті кітап Құран түсірілген ай, сондықтан оразада әрбір адам Құранды әдеттегіден жиі оқуға тырысады.
  5. Ораза тұтқан адам түрлі аурулардан айыға алады. Ұзақ уақыт аш жүру – адам денсаулығына аса пайдалы екені әлдеқашан дәлелденіп қойған.
  6. Бұл айда мұсылман жақсылықтарын арттырып, Алланың мейіріміне бөленуге, сауапты істерді көптеп жасауға асығады.

Сегіз жерде отырғанның сегіз жағдайы артады

Сендерден кімде кім Рамазан айын көрсе, ораза ұстасын.

Сәресіге ұйықтап қалу оразаны бұза ма?

Оразаны не үшін ұстаймыз?

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз