Қыздың әкесі жігітке қандай сұрақ қоюы тиіс?

403

Бір жігіт пен қыз үйленбек болып шешеді. Бір күні жігіт рұқсат сұрамақ болып қыздың әкесіне келеді. «Мен қызыңызға кез келген мәхірді төлеуге дайынмын. Үйім де, көлігім де, ақшам да бар. Қызыңыз ешнәрседен таршылық көрмейтін болады. Тек сіз рұқсат берсеңіз болғаны» дейді жігіт. Қыздың әкесі жігітке: Сен қызыма бір ғана мәхір бере аласың. Саған қоятын бір ғана сауалым бар. Соған дұрыс жауап берсең ақ батамды беремін. Таңғы намазға азан қай уақытта айтылады?» дейді. Жігіт ұзақ ойланып: «Сағат 5 те-ау деймін, жоқ… 4 те ма екен? Шынымды айтсам, білмеймін…» дейді. Сонда қыздың әкесі: «Балам, тыңда. Мен үшін сенің үйіңнің де, байлығыңның да, лауазымыңның да еш маңызы жоқ. Қызымды Аллаға құлшылық жасап, Оның барлық бұйрықтарын орындайтын адам ғана бақытты ете алады. Тек тақуа күйеу ғана әйеліне нағыз бақытты сыйлай алады» деп жауап береді.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз