Құрманы дорбасымен, дорбаны түйесімен бер!

50

Хазрет Әли құрма бақшасында таңнан кешке дейін еңбек етті де, кешқұрын түйесіне бір дорба құрма салып алып, үйіне қарай бет алды. Түйенің бұйдасын жәрдемшісі Қамбарға ұстатып, өзі алда келе жатты. Мәдина қаласына кіреберісте жолдың жағасынан бір аянышты дауыс шықты. Бір міскін қолын жайып: «Алла разылығы үшін, Алла разылығы үшін!» деп жалынып жатыр.

Осы кезде хазрет Әли артында келе жатқан Қамбарға қарап: «Әй, Қамбар, мына кісі не сұрап жатыр?» деді.

– Құрма, сұрап жатыр, мырзам!

– Онда бермейсің бе, құрмаңнан?!

– Құрма дорбада еді, мырзам.

– Онда дорбасымен бер!

– Дорба түйеде еді, мырзам!

– Онда түйесімен бер!

Бұл бұйрықты орындаған Қамбар бұл оқиғаны былай деп еске алады: «Сол кезде түйенің бұйдасы менің қолымда еді деп айтуға қорықтым. Өйткені мені қосып әлгі кісіге беріп жібереріне еш күмәным жоқ еді»

Шіркін-ай, халықтың қамын осылай ойлайтын заңғар тұлғалар да өмірден өтті-ау. Олар адам көңілі тұрғанда, дүние атаулыға көзін де салмайтын… Алла олардан разы болсын!

Ана тілімізге аударған Асылбек Әуезханұлы

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз