Құран адам миының жұмбақтарын ашты

304

Соңғы жылдары ғылым адам жайлы көптеген жаңалықтарды ашты. Солардың бірі – адам миының алдыңғы бөлігі. Ал ол туралы осыдан 14 ғасыр бұрын Құранда айтылып қойған.

Не себепті Құран мидың алдыңғы бөлігін өтірікші және күнәһар деп атады?

«Анатомия мен физиологияның маңызды элементтері» атты кітапта: «Қандай да бір іс-әрекеттерді жоспарлау мен оны бастау маңдайдың алдыңғы бөлігінде жүзеге асады. Мидың алдыңғы бөлігі – агрессияның функционалдық орталығы» делінген.

Пайғамбарымызға (с.ғ.с) Қағбада құлшылық жасауға тыйым салған бір кәпірге Алла тағала: «Жожоқ! Бұлай болмайды. Егер бұл ұстанымынан (өзі құлшылық етпеумен қоймай, өзге елдің де құлшылық етуіне кедергі жасаудан) қайтпаса, оны кекілінен ұстаған күйде жәһаннамға сүйрейміз. Өтірік пен күнәға бөккен маңдай шашынан…» деген («Аләқ» сүресі, 15-16-аяттар).

Адам миының алдыңғы бөлігі жақсы-жаман, күнәлі-күнәсіз істерімізге, шындық пен жалған сөзімізге жауап береді. Осылайша, Қасиетті Құран Кәрім бастың бұл бөлігін «…өтірік пен күнәға бөккен маңдай…» деп әділ әрі дәл суреттеген.

Бұл тұжырымдаманы ашқан атақты эмбриолог, биология мен анатомия профессоры Кейт Л. Мур бір сөзінде: «Құранның сөздері Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға Алладан келгені анық, себебі ондағы деректер жүздеген жылдар өткен соң ашылуда. Адам ағзасы түрлі себептермен өзгеріске ұшырап отыратындықтан, жаңа классификацияны Құран мен сүннетте аталған терминдерді қолданып жасадық» – деген.

Міне, осылайша Құран – Алланың сөзі екені хақ болса да ғылыммен тағы бір дәлелденді.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз