Қиямет күні адамның дене мүшелері куәлік ете ме?

863

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Бірде біз Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге отырғанымызда ол күлді. Сосын бізге: «Не үшін күлгенімді білесіңдер ме?» – деді. Біз: «Алла және Оның Елшісі біледі», – дедік. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Пенденің Раббысымен сөйлескеніне. Ол: «Уа, Раббым! Мені әділетсіздіктен қорғауға уәде бермеп пе едің?» – дейді. (Алла): «Әрине», – дейді. Ол: «Онда мен ешбір куәнің маған қарсы куәлік беруіне рұқсат етпеймін», – дейді. (Алла): «Бүгін саған қарсы куә ретінде өзің және амалдарыңды жазушы құрметті періштерлер жеткілікті», – дейді. Сосын оның аузына мөр басылады да, дене мүшелеріне: «Сөйлеңдер!» , – делінеді. Сөйтіп дене мүшелері оның барлық амалдарын айтып береді. Содан кейін оның сөйлеуіне мүмкіндік беріледі. Сонда ол: «Құрыңдаршы әрі! Аулақ кетіңдер! Мен сендер үшін тайталастым ғой», – дейді», – деді», – деген (Сахих Муслим).

Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…

Азан дауысын естігенде не істеу керек?

Таң намазына ұйықтап қалмау үшін не істеу керек?

Жаман түс көргенде не істеу керек?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз