Қасиетті Құранның түсірілу мақсаты: Адамдарға өткенін, бүгінін және ертеңін білдіру үшін

468

Қасиетті Құранның түсірілу мақсаты

 Адамдарға өткенін, бүгінін және ертеңін білдіру үшін

«Ол сендерді бір ғана жаннан (Адам атадан) жаратты. Содан кейін оған жұбайын (Хауа ананы) жаратты. Сондай-ақ сендер үшін жұп-жұбымен сегіз бас мал түсірді. Сендерді аналарыңның құрсағында үш бірдей қараңғылық ішінде бірнеше жаратылыс кезеңдерінен өткізіп барып жаратуда. Міне, мұның бәрін істейтін Раббыларың Алла! Күллі болмыстағы шексіз билік бір Өзіне ғана тән. Одан басқа құдай жоқ. Олай болса, қалай ғана ақиқаттан аттап, сан түрлі сенімге барасыңдар?!» («Зүмәр» сүресі, 6-аят).

«…Әйтсе де, Біз оларға екі дүниеде де бақытты да абыройлы болуы үшін бұл өмірде ұстануы тиіс насихат пен нұсқаулар жиынтығын тарту еттік. Алайда, олар өз бақыты мен абыройынан сырт айналуда» («Муминун» сүресі, 71-аят).

«Күндердің күнінде жер басқа жерге, көк те басқа көкке айналады һәм күллі адамзат (пен жын) атаулы Қаһһар (күллі болмыстың жалғыз иесі) Алланың алдына барады» («Ибраһим» сүресі, 48-аят).

«(Сол күні) күпірлік қылғандар топ-тобымен жаһаннамға айналады. Жаһаннамға жеткендерінде алдарынан жаһаннам қақпалары айқара ашылады да, ондағы сақшы періштелер олардан: «Сендерге өз араларыңнан Раббыларыңның аяттарын оқып, түсіндіретін және осы күнге міндетті түрде қауышатындықтарыңды айтып, ескертетін пайғамбарлар келмеп пе еді?», – деп сұрайды. Олар: «Иә, келді!», – деп жауап береді. Алайда (ол кезде) кәпірлерге қатысты азап сөзі (үкімі) кесіліп қойған болатын» («Зүмәр» сүресі, 71-аят).

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз