Қарыз алушы мен беруші білуі тиіс қағидалар

419

Кей кездері  материалдық тұрғыдан қиналған сәттерімізде жақындарымыздан, достарымыздан қарыз алып жататын кездеріміз болады. Кейде өзіміз де қарыз береміз. Дінімізде қарыз алу мен беру  – жауапкершілікті талап ететін дүние болып есептеледі. Қарызды алудың да, берудің де өзіндік ережелері мен әдептері бар. Ендеше, біле жүріңіз.

Қарыз беруші:

  1. Ол ақшаның (немесе заттың) жаман істерге (ішімдік, құмар ойындары және т.б.) жұмсалатынын біле тұра беруге болмайды.
  2. Ақшаңыз бар болса біреу сізден отбасын асырау үшін, қиын жағдайға тап болғанда сұрап келсе міндетті түрде беріңіз.
  3. Ақшаны пайызға беруге тыйым салынады.
  4. Кейін қиындық тумау үшін куәгерлер болғаны дұрыс. Егер сома қомақты болса, нотариуске жүгінген де артықтық етпейді.
  5. Қарыз берудегі бір ғана мақсат – шын ниетпен сол адамға көмектесу болуы керек.
  6. Қарызды кәмелетке толмағанға, балаларға және ақыл-есі кем адамдарға беруге болмайды.

Қарыз алушы:

  1. Қарызды тек аса мұқтаж кезде ғана сұраған және ол ақша пайдалы істерге ғана жұмсалуы тиіс.
  2. Қарызды қайтаратын күнді білмей тұрып «пәлен күні беремін» деп уәде бермеу керек.
  3. Қарызды алғанда оны қайтара алатындай жұмысыңыз немес басқалай кіріс көзіңіз болуы тиіс.
  4. Қарызды келісілген уақытта, дәл сол соманы (бір тиын да кем қылмай) қайтару керек.
  5. Қарыз алушы көмектескен адамға рахметі ретінде қарызынан бөлек сыйлық жасай алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қарыздарыңды әдемі қайтаруға тырысыңдар» деген.
  6. Қарызды алып, оны қайтармай қою – күнәға жатады. Оның жауабы өте ауыр болмақ. Кешіктіру – зұлымдық жасаған болып есептеледі.

Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…   
Азан дауысын естігенде не істеу керек?

3 пікір

    1. В такой ситуации, нужно объснить и сказать о своем положении тому, кто дал вам долг, и попросить прощения. И надо как можно быстрее отдать свой долг. А он же (тот, кто дал денег) , в свою очередь, должен попытаться понять вас. И еще, когда отдадите свой долг, в знак благодарности, можете подарить что-нибудь.

  1. Ғұламалардың айтуынша: Қарыз алушы уақытында белгілі себептермен қарызын қайтара алмай жүрген болса, және бұл істен қарыз беруші хабардар және түсінік танытып жүрсе, қарыздың келісілген қайтару уақытысы өткен соң қарыз берушіге Алла тағала әр күні қанша қарыз құны болса сонша сауап жазып тұрады екен дейді. Ал егер кешіріп жіберген болса онда оның есесін Алла өзі берер бәлкім. Бұл ең көркем амалдардан.

    Мұнда енді, Қарыз алушы ақшасы болып тұрып, әдейі бергісі келмеген пенденің амалы жазылған болуы керек. Әр бір амалдың басы және соңы бар. Қазірде көп амалдарымыз, әсіресе хадистеріміз басы бар соңы жауапсыз қалуда. Осы істер көп түсінбеушілік тудыруда. Әр бір нәрсені соңына дейін біліп ұқсақ, және соңына дейін нақты етіп түсіндірлісе дұрысырақ болар еді. Көбінесе мұндай жағдайда жаңа иманға келген бауырлар қиналып қалып жүреді, түсінбе қалып. Алла парасаттарымызды арттырсын.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз