Қарапайымдылық

27

Ахмед Руфаъи деген ғұлама бір күні шәкірттеріне: «Араларыңда кімде-кім менің бойымнан мін байқаса, оны маған білдірсін», – деді. Шәкірттерінің бірі: «Ұстаз, сізде үлкен бір айып бар», – дейді жұлып алғандай.

Ғұлама бұл сөзді мүлдем көңіліне алған жоқ. Қаршадай бала маған мін айтып тұр деп ренжіген де жоқ. Керісінше, осы айыптан тізірек құтылу мақсатында: «Айта қой, балам, қандай кемшілігім бар?», – деді.

Шәкірт жанарына жас алып тұрып: «Біз секілді адамдарды шәкірт етуіңіз», – деді. Бұл басқа шәкірттерге де әсер етсе керек, олар да солқылдап жылай бастады. Өзі де жылап қалған ұстаз: «Мен сендердің қызметшілеріңмін ғой, мен сендерден төмен тұрамын», – деуге ғана шамасы жетті.

Аударған: Асылбек Әуезханұлы

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз