Қажетіңді сұрағанда оқылатын дұға

209

Тариқ ибн Әйшәм (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болған кісіге алдымен намаз оқуды үйрететін. Содан кейін: «Аллаһуммағфир ли уархамни уәһдини уә афини уарзуқни» (Уа, Алла тағалам! Мені жарылқап, кешіре гөр! Мейіріміңе бөлеп, тура жолға сала гөр! Маған тән, жан саулығы мен адал ризық-несібе бере гөр!) – деп дұға етуді бұйыратын еді»,- деп айтты (Муслим, зикр 35).

Басқа бір риуаятта Тариқ (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір кісі келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Раббымнан мұң-мұқтажымды сұрағанымда не деп дұға етейін?» – деген еді. Сонда Алла елшісінің (с.ғ.с.) оған: «Уа, Алла тағалам! Мені жарылқап, кешіре гөр! Мені мейіріміңе бөлеп, тән-жан саулығы мен адал ризық-несібе бере гөр» – деп дұға ет. Расында, бұл дұға дүние мен ақыретке қатысты барлық мұң-мұқтажыңды қамтиды» деп айтқанын естідім», -деген (Муслим, зикр 36).

6 пікір

    1. Салеметсіз бе, неге олай дейсіз? Қазір туған туысыңыз, отбасыңыз болса сіз бақыттысыз. Ал өмірден озатын болсаңыз, қабірде жападан- жалғыз боласыз. Олардың еш қайсысы сіздің жаныңызда болмайды. Ақыреттің бірінші күні- қабір азабы дейді. Соған дайынсыз ба? Осы сұрақты өз-өзіңізге қойыңызшы. Не болса да бəрі өткінші, уақыт бəрін ұмыттырады. Алла жар болсын сізге.

    2. Адам өмір сүруден еш жалықпайды егер көңілі тоқ болса өмір деген сынақ сол сынаққа шыдап шығар жол табу керек деп білем. Шешілмейтін мəселе жоқ. Сен ер азамат емесіңбе бір қыздың арқа сүйеушісі болатын. Арқа сүйер адамымыз осылай сағы суға кетіп жатса біз қыздар күніміз не болмақ.

  1. Е АЛЛАМ бир озин жар бола гор. Менин жумыстан жолым болмай жур карызым кобейп кетти кашан ел катарлы тапкан табысым онын тауып карыздан кутылар екенмин. Маган жардем беретин жан барма жумыс болсада

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз