Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Рамазан айы келгенде, жәннаттың қақпалары айқара ашылып, тозақтың қақпалары түгелдей жабылады. Шайтандар кісенделеді», – деп айтты» – делінген (Бұхари, саум 5; Муслим, сиям 1).
Сондай-ақ, Алла Елшісі (с.ғ.с.) әрбір амалдың өзіне тән жәннатта қақпасы бар екендігін сүйіншілеп: «Кімде-кім көп амал жасаса, ол жәннат қақпалары жағынан: «Ей, Алланың құлы! Мынау қақпа қайырлы», – деген шақырту естиді. Кімде-кім намаз оқушылардан болса – Намаз қақпасына, жиһад етушілерден болса – Жиһад қақпасына, ораза тұтушылардан болса – Райан қақпасына, садақ берушілерден болса – Садақа қақпасына шақырылады…», – деген (Бұхари, Муслим).