Қадір түнінде періштелер не істейді?

646

Бұл түні жер бетіне періштелер түседі, шайтандар кісенделіп, ешкімге зиянын тигізе алмайды. Түскен періштелер санының көптігі соншалық, көктен тасталған инелер міндетті түрде олардың басына тиеді. Алланың бұйрығымен жерге түскен Жебірейіл (ғ.с.) мен періштелер өз қызметтерін атқарады. Олардың қызметі сол – бұл түнді құлшылықпен, ізгі амалдар жасаумен өткізген пенделер үшін таңға дейін Алла тағаладан кешірім тілеп тұрады.

Таң атқанда Жебірейіл (ғ.с.) періштелерді шақырып алады. Періштелер: «О, Жебірейіл! Ізгі құлдар үшін тілеген дұғаларымызды Алла тағала қабыл етті ме?» деп сұрайды. Сонда Жебірейіл (ғ.с.): «Мына 4 адамнан басқа барлық иман еткен пенделердің күнәлары кешірілді:

  1. Арақ-шарап ішкен адам;
  2. Ата-анасын тыңдамайтындар;
  3. Туыстарынан қол үзгендер;
  4. Бауырымен 3 күннен артық тілдеспей жүргендер» деп жауап береді.

Анығын Алла біледі.

Ризық-несібе сұраудың дұғасы

Намазға асыққан бала

Жұмаққа кірмейтін 3 адам

Рамазан жайлы 6 факті

Сегіз жерде отырғанның сегіз жағдайы артады

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз