Пластмасса ыдыстардың зияны қандай?

431

Пластмасса бөтелкедегі түрлі сусындарды, бір рет қолдануға арналған ыдыстарды, пластмассадағы дайын тағамдарды жиі қолданатынымыз рас. Алайда әлем ғалымдары бұл ыдыстардың адам денсаулығына аса қауіпті екенін айтып, дабыл қағуда.

«Пластмасса бөтелкедегі қарапайым судың өзі балалардың денсаулығына кері әсер етіп, әйелдердің омырау безі ауруына, ер адамдардың белсіздікке ұшырауына алып келеді» – дейді ғалымдар. Әсіресе, балаларға, аяғы ауыр әйелдерге, қарт кісілерге тигізер зияны көбірек.

Олардың құрамында бисфенол-А (пластик және резина жасауда қолданылатын синтетикалық зат) және фталат (ыдысқа иілгіштік және беріктік беретін химикат) деген химиялық заттар өте көп. Сондықтан ол жүрек ауруларына, диабетке, жыныс ауруларына алып келеді.

Көптеген әйелдер балаларын бөтелке емізікпен тамақтандырады. Ондағы сұйықтықты жылытқанда әлгі химиялық заттардың белсенділігі артып, сәйкесінше, зияны да арта түседі.

«Бір рет қолдансам ештеңе етпес», десеңіз қателесесіз. Бір рет қолданғанның өзінде пластмасса ағзаңызға зиянды заттарын түсіріп үлгереді. Сондықтан мейлінше шыны ыдыстардағы тағамдарды сатып алған дұрыс.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз