Періштелердің іс-әрекеттерімізді жазуының себебі неде?

871

Періштелердің іс-әрекеттерімізді жазуының себебі неде?

Алла онсыз да бізді көріп тұр емес пе?

       Жаратушы Алла ешкімге, ешнәрсеге мұқтаж емес, бірақ Оның жаратқандарының барлығы да Оған мұқтаж. Алла әрбір нәрсені белгілі бір себептермен жаратты.

Хақ Тағала әрбір адамның жақсы-жаман істерін жазып отыру үшін екі періштені тағайындап қойған. Бұл жайлы Құранда:

«Әйтсе де, қастарыңда сендерді үнемі бақылаушылар бар. Олар – «Кирамән кәтибин» әр сөздерің мен әр істеріңді жазып алушы аса қадірлі, пәк періштелер. Олар сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңді толық біледі» («Инфитар» сүресі, 10-12-аяттар).

«Оның оң жағы мен сол жағында отырған екі бірдей хатшы (періште жақсы-жаман барлық істерін) жазып алуда. Сондай-ақ адам баласының аузынан нендей сөз шықса да дәл қасында оның аузын бағып, бірде-бір сөзін қалт жібермей жазып алып тұратын бақылаушы періште бар» («Қаф» сүресі, 17,18-аяттар).

Осылайша, өзінің не істеп, не айтып, тіпті не ойлап жүргенін періштелердің жазып отырғанын, Алланың өзін көріп тұрғанын білген адам күнәлі істерден аулақ болуға тырысады.

Ал қиямет күні адам амал дәптеріндегі теріс іс-әрекеттерін мойындамаса, Алланың білгендері, періштелердің жазғандары оны үндей алмайтындай етеді.

Екі періштенің біздің әрекеттерімізді жазып отыруы – Алла тағаланың «Әділ» деген сипатының дәлелі және қияметтің маңыздылығын көрсетеді.

 

Кирамән кәтибин – адам баласынан бір елі ажырамай әр сөзі мен әр ісін түгелдей жазып алатын бақылаушы періштелер. Олар ешкімді жек көрмейді және ешқашан кек сақтамайды және жазғандарын өзгертпейді. Зәредей нәрсенің өзін назардан тыс қалдырмай, тек қана шындықты жазады.

Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…   
Азан дауысын естігенде не істеу керек?

Қарапайым жұмысшымын деп қамықпаңыз, себебі…

Қағаз ақшаның зияны неде?

NASA ғарышкерлері космоста әнге ұқсас дыбыс естіген

Лас ұя (Ұясын үнемі ауыстыра беретін көгершін жайлы)

3 пікір

    1. Адам қайтыс болған соң (о дүниеге барғанда) өзінің істегендерін «жоқ, мен олай істемедім» деп мойындамауы мүмкін. Ал періштелердің жазғандары біздің не істеп не қойғанымызды дәлелдеп береді. Міне, бұл Алланың «әділ» деген сипаты.

Айжан-ға пікір жазу Жауапты болдырмау

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз