Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тамақтану әдебі. 1. Ұнатқан және жиі пайдаланған тағамдары

659

 

  1. Ұнатқан және жиі пайдаланған тағамдары

        Адамның денсаулығы қалай тамақтанғанына тікелей байланысты екені анық. Бұл тұрғыда да біз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) үлгі алуымыз керек: қалай тамақтанған, не нәрселерді ұнатқан, тамақтану барысында нелерге тыйым салған, ас ішу әдебі қандай?

Алла елшісі (с.ғ.с.) көбінесе құрма, арпа наны, ешкі сүтін, бидай нанын, асқабақ, зәйтүн майы, сірке суын пайдаланған және бұлардың пайдасы жайлы жиі айтқан. Айша (р.а.) анамыздың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тәттіні, әсіресе халва мен балды жақсы көрген (Бұхари, «Табакат»).        Сондай-ақ, құрма, ірімшік пен сары майдан дайындалған хаис деп аталатын тағамды ұнатқан. Абдулла ибн Жафар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) балғын құрма мен қияр жегенін көргенін айтқан.

«Зәйтүн майын жеңдер және оны денелеріңе жағыңдар, себебі ол берекелі ағаштан алынады» деп жиі айтқан (Тирмизи, ибн Мәжа; Дарими).

Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) екі тілім нан мен оның ортасына құрманы қойып, екеуі бірін бірі толықтыратынын айтып жеген. Айша (р.а.) анамыз Алла елшісінің (с.ғ.с.) балғын құрма мен қарбызды жеп: «Біреуінің ыстығын екіншісінің салқынымен басамыз, ал салқынын – біреуінің ыстығымен басамыз» дегенін жеткізген (Тирмизи).

Рамазан өткен соң…

Қадір түні жасауымыз тиіс істер

Бұл түні мына дұғаны оқыған жөн

Шайтан адамды қалай азғырады?

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз