Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы – Фатима (р.а.)

342

Ардақты Фатима (р.а.) – Алла елшісінің (с.ғ.с.) ең сүйікті, ең кіші қызы. Оның ұялшақтығы, қарапайымдылығы, сөйлеу мәнері, жүрісі әкесіне ұқсаған.

Фатима (р.а.) әкесін өте қатты жақсы көрген және жиі жағдайын біліп, көмектесіп тұрған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да қызын қатты жақсы көретінін айтқан: «Фатима менің бір бөлшегім, оны қуантқан нәрсе мені де қуантады, оны ренжіткен маған да тіл тигізеді» деген.

Фатимадан (р.а.) көптеген хадистер жеткен. Олар «Әл-Құтуб әс-Ситә» да жинақталған. Екеуі «Сахих әл-Бұхарида», екеуі Муслимнің «Сахихында».

Ол Меккеде 609 ж. дүниеге келген (Айшадан (р.а.) бес жас үлкендігі осы жылы туылғанын көбірек растайды). Кейбір тарихшылар жаңа Қағба тұрғызылған жылы (605 ж. ) дүниеге келгенін айтады.

Балалық шағы мен жасөспірім кезеңі жайлы деректер өте аз. Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) Қағбада намаз оқып жатып сәждеге бас қойғанда мүшріктер оған топырақ лақтырады. Кішкентай Фатима жүгіріп барып әкесінің үстін тазалайды.

Фатимамен (р.а.) алдымен Әбу Бәкір, содан соң Омар бас қосқылары келеді, бірақ қарсы жауап естиді. Кейін әкесінің рұқсатымен Әли (р.а.) екеуі үйленеді. Ол кезде жігіттің ақшасы болмағандықтан ол Бадра шайқасынан алған үлесін қосып, түйесін, кейбір заттарын сатып 450 дихрем көлеміндей мәхір төлейді. Фатимаға берілген заттар: барқыт жапқыштан, тері жастық, екі қолдиірмен және суға арналған екі местен тұрды.

Екеуінің алғашқы ұлдары Хасаннан кейін бір жылдан соң Хусейн өмірге келеді. Алла елшісі (с.ғ.с) ерлі-зайыптылардың алғашқы жылдарындағы түсініспеушіліктерін шешіп, қызына күйеуіне бағынуға кеңес берген. Ал Әли (р.а.) жұбайын енді ренжітпеуге сөз береді.

Алла елшісі (с.ғ.с.) соңғы ауырғанында өзіне Жебірейілдің (ғ.с.) келгенін, дәм-тұзы жақындап қалғанын қызына айтқанда, Фатима (р.а.) қатты қайғырып, жылайды. Әкесі қызын отбасындағылардан ең бірінші болып екеуінің жұмақта табысатындарын айтып, жұбатады.

Фатима (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) кейін бес жарым айдан соң көз жұмады.

Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…   
Азан дауысын естігенде не істеу керек?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз