Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелдерге өсиеті

132

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз – адамдардың асылы, Алланың ең сүйікті құлы. Оның адамзатты тура жолға бастайтын хадистері мен өсиеттерін әрбір мұсылман білуі тиіс. Ал әйелдерге арналған өсиеттері мен кеңестері қыз-келіншектерімізге ауадай қажет:

  1. «Егер әйел бес уақыт намазын оқып, рамазанда ораза тұтып, күйеуіне бағынатын болса, оған: «Жұмаққа қалаған есігіңнен кір», – делінеді».
  2. «Әйелдер, көбірек садақа беріңдер. Шынында, тозақта сендердің көбірек екендеріңді көрдім».
  3. «…Алла түнде намазға тұрып, күйеуі оянғысы келмей ерініп жатса бетіне су шашып оятатын әйелді мейіріміне бөлесін!».
  4. Пайғамбарымызға (с.ғ.с): «Бір әйел бар, түнгі құлшылығын қалдырмайды, күндіз ораза ұстап, игі істер жасап, садақа береді, бірақ өзгелерге тіл тигізеді», – дейді. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Ол әйелдің ешбір жақсы жері жоқ. Тозақтықтардың бірі», – дейді. Содан соң: «Бір әйел Алланың барлық бұйрықтарын орындайды, садақа береді, ешкімге зиянын тигізбейді» дегенде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ол жұмақтықтардың қатарында» – деп жауап береді.
  5. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Қандай әйел әйелдердің ең жақсысы?» деп сұрағанда ол: «Күйеуі қарағанда оны қуантатын, оған бойұсынатын, күйеуі бірнәрсе бұйырса, оған қарсы келмейтін әйел» деп жауап береді.

1 пікір

  1. Дұрыс айтылған, негізі əр бір ер азамат өз тарапынан əйел затына қыз балаға дұрыс тəрбие беріп оң көзбен қараса, мұсылман қауымында жаман істер балмаушы еді. Еркекпін деп кеуде соққан еркексымақтың бəріне қатысты. Бес күндік жалғанда бес парызыңды ұмытпағын ешқашан ей пендем деген

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз