Жылдам әрі тыныш ұйықтауға көмектесетін тағамдар

Кейде балаларымыз мазасызданып, ұйқысы тыныш болмай жатады. Өзіміздің де ұйқымыз қашып, өзімізді қанша қинасақ та ұйықтай алмай әуреленетініміз бар. Ал таңертең – жұмыс (сабақ). Не істеу керек? Ондай кезде сүрелер мен дұға оқумен қатар жылдам ұйықтауға көмектесетін құрамында мелатонин (ұйқы гормоны) бар тағамдар бар: Буға піскен картоп Ақ нан Банан Бүтіндәнді нан Брокколи Сұлы Миндаль … Толығырақ «Жылдам әрі тыныш ұйықтауға көмектесетін тағамдар»

Сары аязда қата ма Қайнардың аққан тұнығы?

Сары аязда қата ма Қайнардың аққан тұнығы? Қап түбінде жата ма Болаттың асыл сынығы? Халқың тозып, кем болмас, Әділ болса ұлығы. Рақымсыз жақыннан Халқы қатты түңілер. Сырқат болсаң жат жерде, Жаныңа кім үңілер?! Әділ туған жақсыға Екі даугер жүгінер, Тізесін қисық бұрмаса, Асылдығы білінер. Ақтамберді жырау Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба… Төле бидің Күлтөбеде айтқан … Толығырақ «Сары аязда қата ма Қайнардың аққан тұнығы?»

Тағдыр жазылып қойған ба?

Әли (р.а.): «Бірде Бақиғ әл-Ғарқадта (Мәдинадағы қорым) жаназада болғанымызда Алла елшісі (с.ғ.с.) қасымызға келіп отырды. Біз оны қоршай жайғастық. Қолында кішкене таяғы бар еді. Басын төмен салып, таяғымен жерді тықылдатып отырды. Содан соң: «Сендердің қайсысың болсын, қайсыбір тірі жан болсын, Алла оның жәннаттағы және тозақтағы орнын жазып қойған, сондай-ақ, оның бақытсыз не бақытты болатындығы жазылған», … Толығырақ «Тағдыр жазылып қойған ба?»

Мына 6 нәрсені балаға тек әкесі бере алады

Баланың толыққанды өсіп-жетілуінде, дамуы мен қалыптасыуында әкенің рөлі аса маңызды. Сондықтан психологтар мына 6 нәрсені балаға тек әкелері ғана бере алатынан айтады:   Әкелер анасы секілді баламен балаша «шүлдірлеп» сөйлескенді ұнатпайды. Әкесінен кәдімгі «үлкендердің» сөзін естіп өскен баланың сөйлеу әдебі жақсырақ дамиды. Әке аналар сияқты көп еркелетіп, сүюден гөрі баламен (аспанға лақтыру, күрес, жұдырықтасу т.б … Толығырақ «Мына 6 нәрсені балаға тек әкесі бере алады»

Құранда аталған пайдасы мол жеміс

Қасиетті Құранда адам денсаулығына аса пайдалы жемістер жайлы айтылған. Солардың бірі – анар. «Екеуінде де алуан түрлі жемістер, соның ішінде құрма мен анардың түр түрі бар» («Уақиға» сүресі, 68-аят). Ал енді пайдасын атап айтсақ:   Анардың құрамында 15 түрлі аминқышқылдар бар. Аминқышқылдар ағзамыздың жасушаларына жауапты. Көздің көру қабілетін жақсартады Асқорытуды жақсартып, токсиндерді шығарады, артық салмақтан … Толығырақ «Құранда аталған пайдасы мол жеміс»

Жұмақ уәде етілген сахабалар Осман ибн Аффан (р.а.)

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың тегінен шыққан. Исламды алғашқы болып қабылдағандардың бірі болатын. Бірінші жұбайы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы Рүкәйа (р.а.) болды. Өзі дәулетті болған соң исламның қалыптасуына атсалысып, мұсылмандарға әрдайым көмектесіп отырды. Мәдинадағы құдықты сатып алды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына бір хадисінде бұл құдықтың мұсылмандар үшін қаншалықты маңызды екенін айтқан: «Кімде-кім Рума құдығын ашса, оған жұмақтың есіктері … Толығырақ «Жұмақ уәде етілген сахабалар Осман ибн Аффан (р.а.)»

Телефон қуатын қалай ұзағырақ сақтауға болады?

Кейде телефонымыздың қуатын «толтырып» алсақ та, аз ғана уақытта соң-ақ таусылып қалып жатады. Оның себептері де әртүрлі. Ал мына кеңестер телефоныңыздың қуатын ұзағырақ сақтауға көмектеседі:   Телефоныңыздың «экономный режимін» қолданыңыз. Ол үшін ең алдымен телефон батырмаларын басқанда шығатын дыбысты өшіріп тастаңыз. Вибрацияны өшіріп тастаңыз: қоңырау соғылғанда вибрациясыз жай ғана әуен қуатты ұзағырақ сақтауға көмектеседі. Телефон … Толығырақ «Телефон қуатын қалай ұзағырақ сақтауға болады?»

Барлық жамандықтан қорғайтын сүрелер

Ғұқба ибн Әмір (Алла оған разы болсын): Алла елшісі (с.ғ.с.): «Осы түні түсірілген аяттар (сияқты) бұрын ешқашан болмаған: «(Мұхаммед!) Таңның Раббысынан пана сұраймын», – де! және «(Мұхаммед!) Адамдардың  Раббысынан пана сұраймын», – де!», – деді», – деген (Сахих Муслим).  Яғни, «Фәләқ» және «Нәс» сүрелері: «(Оларға) айт: Таң шапағының Раббысына сақтай гөр деп сыйынамын; Өзі жаратқан … Толығырақ «Барлық жамандықтан қорғайтын сүрелер»

«…екеуінің ортасындағы жолды ұстан»

Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) Алла тағаланың: «Намазыңды (қатты) дауыстап та, (тым) бәсең де оқыма» деген сөзіне қатысты: «Бұл аят Алла елшісі (с.ғ.с.) Меккеде жасырынып жүрген кезде (Исламның алғашқы кезеңдерінде) түскен. Ол сахабаларымен намазда Құранды дауысын көтеріп оқитын. Ал мүшріктер оны естігенде Құранды да, Түсіргенді де, әкелгенді де балағаттайтын. Сонда Алла тағала пайғамбарына (с.ғ.с)  … Толығырақ ««…екеуінің ортасындағы жолды ұстан»»

Қожанасыр, баласы мен есек

Бірде Қожанасыр баласын ертіп көрші ауылға бармақ болады. Баласы: «Әке, есекке сіз отырыңыз, шаршап қаласыз» дейді. Қожанасыр: «Жоқ, балам, сен отыр» деп баласын отырғызып жолға шығады. Оларды көрген кісілер: «Қартайған әкесін жаяу жүргізіп, есекке жап-жас болып өзі отырып алыпты, әй, жастар-ай…» дейді. Баласы: «Әке, әне, көрдіңіз бе, айттым ғой сізге отырыңыз деп» деп кейиді. Есекке … Толығырақ «Қожанасыр, баласы мен есек»