Өзіңізге сырт көзбен қарап көріңіз!

683

Өміріңізге бір сәт сырт көзбен қарап көріп пе едіңіз? Сіз қандайсыз, айналаңыздағылар қандай? «Заман өзгерді» дейміз, ал біз ше? Ендеше, күн сайын өзіміз «көріп»,  бірақ аса мән бермей жүрген өміріміздің кейбір қарама-қайшылықтарына көз жүгіртсек:

– «Өркениетті заманда өмір сүріп жатырмыз» дейміз, бірақ мәдениеттің не екенін білмейтіндер қаншама?!

– кітапты аз оқимыз, есесіне телефон, интернетке тым көп үңілеміз.

– медицинамыз күн санап дамуда, бірақ жиі ауырамыз.

– асқазанымыздың, ақшаның, атақ-абыройдың, карьераның құлымыз, бірақ бір ғана Жаратушының құлы екенімізді ұмыт қалдырып жатамыз.

– зәулім-зәулім үйлер бар, бірақ ішінде бақыт жоқ, баланың у-шуы мен күлкісі тым аз естіледі…

– біз үшін барлық жұмысты техника атқарады, бірақ уақытымыз үнемі жетпейді

–  қашанда асығып жүреміз, бірақ күткенді жек көреміз

– көп сөйлеп, аз тыңдаймыз

– шетелдің жұлдыздарын жақсы танимыз, бірақ көршіміздің кім екенін білмейміз

– денсаулық, киім, ас-ауқат, ата-ана, бауырлар… бізде барлығы да бар, бірақ өмірімізге риза емеспіз

– өзімізге бірнәрсе қажет болғанда танымайтын адамның асты-үстіне түсуге бармыз, бірақ қасымызда жүрген жақындарымыздан бір ауыз жылы сөзімізді аяймыз

– жұмысқа, демалуға, ұйқыға уақыт табамыз, бірақ Аллаға құлшылық жасауға 5 минут таппаймыз…

Телефонды қасыңызға алып жатпаңыз, өйткені…

Ұзақ отырудың зияны қандай?

Косметиканың сіз білмейтін зияны

Ұйықтар алдында және оянғанда оқылатын дұғалар

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз