Өзі беріп ұлыңды өзі алды

111

Атақты Қаздауысты Қазыбектің Әлімжан деген баласы қайтыс болғанда Төле би топ адаммен барып көңіл айтады. Сонда Төле би бүй депті:

О, Қаздауысты Қазыбегім!
Кім білген бұл ғұмырдың азы-көбін.
Қылыштың сабы кетіп, қабы қалды,
Бедеудің жаны кетіп, жалы қалды.
Батырдың ары кетіп, малы қалды,
Халықтың нәрі кетіп, сәні қалды.
Уа, Қазыбегім нар көтермес жұмыс болды.
Өзі беріп ұлыңды өзі алды,
Бұл пенде бір Аллаға не қылады?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз