Өз-өзіңізге зиян келтіріп жүрген жоқсыз ба?

642

Өзгелерге зиян келтіргендей (мысалы, біреуді ғайбаттау, ренжіту, алдап-арбау т.б.) адам өзіне-өзі зиян келтіре алады. Бірақ оны өзі де байқамауы мүмкін. Осы орайда адам өз-өзіне қалай, қандай зиян келтіре алады? деген сұрақ туындайды.

Қасиетті Құран бойынша, адам өз-өзіне зұлымдық жасаған болып есептеледі, егер:

  1. Өзінің тек Аллаға құлшылық жасауы үшін ғана өмірге келгенін ұмытса;
  2. Өзін мәңгілік өмір сүретіндей есептеп, соған сай әрекеттер жасаса;
  3. Шайтанмен дос болып, нәпсісіне ерік берсе;
  4. Өзінен басқа ешкімді елемесе;
  5. Өткен қателіктерінен сабақ алмаса;
  6. Күнәлары үшін өкінбесе;
  7. Алланың бұйрықтарын орындамаса.

 

Алла тағала өзге түгіл, өз-өзіне зиян келтірудің күнә екені турасында: «Расында, Алла адамдарға еш зұлымдық жасамайды. Бірақ, адамдар өздеріне-өздері зұлымдық жасайды» деген («Юнус» сүресі, 44 – аят).

Себебі, Алла бізді ең көркем түрде жаратты: денсаулық пен ақыл-сана, дүниені көріп-білуіміз үшін көз, сезімімізді жеткізу үшін тіл, есту үшін құлақ берді. (Олар үшін есеп алынатын уақыт келетіні анық). Ал біз соларды дұрыс пайдаланып жүрміз бе? Тыйым салынған нәрселерге қарап, біреуді жамандап немесе харам нәрселерді тыңдап, өз-өзімізге зиян келтіріп жүрген жоқпыз ба? Осы жайлы бір сәт ойланып көрейікші…

Кедейлікке жол ашатын 5 әдет

Ер адамның әйелі алдындағы міндеттері

Мінсіз әйел – ерлердің көзімен

Қандай садақаның сауабы көп?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз