Оқу-білімге құштарлық генге байланысты ма?

6

«Оқу орнына түссем бе екен, әлде жұмыс істеп ақша тапсам ба екен?» деп екі жолдың бірін таңдарда адамға әлеуметтік факторлар әсер ететіні анық. Бірақ, анықталғандай, ол таңдау генетикаға да байланысты екен. Қалайша? Әрі қарай оқыңыз!

Оқу-білімге деген қызығушылық геннің бір бөлігіне ғана байланысты емес, оны анықтау үшін ДНҚ-локустарының біраз бөлігін табу керек. Оны іздеген ғалымдар оқуға деген талпыныспен байланысты бірнуклеотидті полиморфизмдерді геннен тапқан. Ал ол гендер бала жатырда жатқанда-ақ қалыптасады. Баланың жүйке жүйесі қалыптаса бастағаннан ол гендер «жұмыс жасай бастайды».

Осылайша, зерттеу жүргізген ғалымдар оқу-білімге, ғылымға құштарлық кем дегенде 20% ға генмен байланысты екендігін дәлелдеді.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз