Өмірлік жар іздеп жүргендерге (жігіт пен қыздың есіне)

886

Бір жігіт үйленбек болып жар іздеп жүреді. Біреуін әдемі емес, біреуін ақылды емес, енді біреуін қырсық деп таңдап жүріп жасы біразға келіп қалады. Не істерін білмей өмірді көрген, не болса да сол маған бір ақылын айтар деп бір қарияға келеді.

Қария жігіттен:

– Анаңа деген көзқарасың қандай? – деп сұрайды.

Жігіт:

– Бұл жерде анамның не қатысы бар? Білмеймін…Анам ананы-мынаны айтып миымды жей береді, мені кішкентай бала сияқты өбектеп, уайымдайды да отырады. Соңғы кездері шағымы мен өтініштері де көбейіп кетті… – дейді.

Қария үндемей тыңдап алып:

– Ендеше мен саған мынаны айтайын. Ең алғаш рет мейірім мен сүйіспеншілікті анаңнан көресің. Өзгелерді жақсы көруді де анаңнан үйренесің. Анаңды сыйлап, қадірлей білсең, өзге әйелдерді де сыйлап, қадірлей аласың. Біздің ата-анамызға деген қарым-қатынасымыз – бақытымыздың өлшемі, осы есіңде болсын, балам. Екінші нәрсе, алғашқы айтқанымды ұққан болсаң, енді сен әкесін сыйлап, қадірлейтін қызды таңда. Сонда қателеспейсің, – деп жауап береді.

Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…   
Азан дауысын естігенде не істеу керек?

5 пікір

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз