Өмірлік бөгеттердің бір сыры

560

Бағзы замандарды бір патша өз сарайына әкелетін жолға үлкен бір жартас қойдырыпты да, өзі терезенің алдына отырып алыпты. Енді не боларын көрейік депті.

Қараса, сол өлкенің ең үлкен саудагерлері, ең күшті керуеншілері, сарай қызметкерлері келіп таңнан түске дейін әуре болады. Бірақ жартасты әрі айналып, бері айналып жүріп сарайға кіреді.  Бірталай адам патша халықтан сонша салық жинайды, алайда бір жолын реттеп, таза ұстай алмайды деп дауыстап айтып кетіпті.

Ақырында бұл жерге сол елдің бір кедейі келеді. Сарайға көкөніс, жеміс-жидек алып келе жатыр екен. Қолындағы ыдыстарды жерге қоя салып, екі қолдап, әлгі жартасты бар күшімен итере бастайды. Терін төгіп, жанын салып, өле-тіріле, ақыры әлгі тасты жолдың шетіне шығарады. Ыдыстарын енді қолына алайын деп бұрыла бергенде, жартасты орнында бір кесе алтын тұрғанын көреді. Кесенің ішінде патшаның жазған хаты да бар екен: «Бұл алтын жартасты жолдан алып тастаған адамға арналады». Сөйтсе, бұл патшаның өмірлік кедергілерге қарсы кімнің қалай тұратынын байқау үшін жасаған кішігірім сынағы екен.

Бұл сынақтан сүрінбей өткен кедей тек сол дәуірге ғана емес, бүгінгі заманға да өзіндік дәрісін ұқтырды:

«Өмірдегі әр бөгет тіршілігімізді жеңілдету үшін жіберілетін мүмкіндік»

Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?
Тәттіге құмарлықтың себебі неде?
Әйелдердің Рамазан айына дайындығы: қажетті кеңестер
Өзіңіз жайлы білгіңіз келе ме? Онда оқыңыз…
Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз