«Өлмек парыз, – деп айтар, – тумақ сүндет»,
«Мойынға ораза, намаз, – дейді, – міндет».
Алымдар орындауды мәжбүр етер,
Адамға Мұхамбетке болған үмбет.
Егер де намаз палуан пасық шықса,
Олардан ыбырат алып жұрт не білмек ?
Мың ірәкәт намаздан артық деген,
Кісіге істеген бір ізет – үрмет.
Көрсетілген нұсқада әр түрлі іс,
Білмегің өз шаманды әбен дұрыс.
Жамандарға парықы білінбейді,
Арзан, қымбат бағасы, алтын мен мыс.
Алымдардың уағыз кітабында,
Тағдырға жазылған іс болады – мыс.
Деп айтқан мың реттік әжіліктен,
Артық деп халыққа қылған бір әділ іс.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы