Әйеліңіздің мінезі нашар болса не істеу керек?

60

Халифа Омардың (р.а.) кезінде бір кісі әйелінің мінезінің нашарлығын айтып шағымданбақ болып оның үйіне келеді. Бірақ үйіне кіре берістен халифаның әйелінің оған ұрысып жатқанын естіп қалады да: «Иә. Егер халифаның үйінде осындай болып жатса, менің шағым айтқаным жарамас!» деп ойлап бұрылып енді кетіп бара жатқанында Омар (р.а.) оны байқап қалады да:

– Бірнәрсе сұрайын деп пе едің? – дейді.

Сонда кісі болған жайдың барлығын, тіпті оның әйелінің ұрысқанын да естіп қалғанын айтып береді.

Сонда халифа:

– Білесің бе, мен әйелімнің ашуланған сәттерінде үндемеуге тырысам. Себебі ол менің тамағымды дайындап, кірімді жуып, балаларымды бағып, бар жағдайымды жасап отырады. Жаным мен тәнімді тыныштандырып, күнәлі істерге баруыма жол бермейді. Сондықтан оның кейбір еркеліктері мен мінезіне көз жұма қараймын. Сенің де солай жасағаның дұрыс болады, – деп жауап береді.

10 пікір

  1. Әйел үш күндігін ойлайды. Оған түскі тамаққа не жасау маңызды. Соған шыж-пыжы шығады. Күнімдік дүние үшін көпті, кейбір азаматтарды ренжітіп жатады.
    Еркек үш жылдығын ойлайды. Ол әйелге қарағанда тереңірек , түбін ойлайды. «Кейін кірер есігіңді қатты жаппа» деп әр кез жылы қабақ танытады.
    Өмір осының дұрыстығын әркезде көрсетіп отыр. Сондықтар әйел қауымы таласпаңдар. Сендерге ілессек, қазақы текті-болмысымыз құриды. Қазір үйге туыс-бауырларды сиғыза алмайсың, ал әйелдің бауырларына даңғыл сарай. Міне жетіскеніміз, шыққан төбешігіміз.
    Айналайындар ау. Ойладыңдар ма? Ертең келіндерің сендердің осы саясаттарыңды жалғастырады. Үйге қыздарың келе алмайды. Бірге туған бауырлары келе алмайды. Келіннің төркіні жайлайды. Өз балаңа, өз үйің жат болады. Осыны білесіңдер ме? Әйел күйеуін желкелеп отырса, ұл балаң жасық болып өседі. Қызың барған жерінде сенің үогі*өнегеңмен билікке таласады. Бетпақ жеңеді, ақылды көнеді деген. Қазақ елін сақтау, болмаса жерлеу әйелдердің қолында. Ойланыңдар.

    1. Өте əдемі жауаб , дұрыс айтасыз! Қарап тұрсақ тек біздін мемлекетте ғана қыздар балаларын далаға немесе дəретханаға лақтырып жатқан.

  2. Әйелдің ақылдысы аз әдемісі көп ақымағы бәрінен көп болады. Әйел теңдігі мемлекетті құртып тынады.

    1. арбир ер азамат отбасында басшы болып отырса,балаларына тарбие берип отырса айел багынбай кайда барады.казирги еркектер барлыгын айелине уйип тогип артып кояды айел билемегенде кайтсин.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз