Мұсылманша базар аралау (Базарға барарда айтылатын дұға)

325

Өзімізге керек-жарақтыны алу үшін базарға жиі барамыз (әсіресе, әйел адамдар). Онда сағаттап, кейде іздегеніміз табылмайынша жүріп алатынымыз рас. Сол дұрыс па? Жалпы, базарға, дүкендерге (супермакеттерге) барғанда не нәрселерді білуіміз тиіс?

  1. Ең алдымен базарға шығар алдында мына дұғаны айтыңыз. «Я, Раббым! Маған оның (базардың) жақсылығын бер де, жамандығынан (жын-шайтандардан) сақта! Мені күнәлі ант пен шығынды саудадан қорғауыңды сұранамын!». Осылайша сіз өзіңізді базардағы түрлі пәле-жаладан, ауру-сырқаудан сақтайсыз.
  2. Базар – жын-шайтанның орны, лас жер. Сондықтан ұзақ жүріп алмай, керектіні ғана алып, тезірек қайтқан дұрыс. Әйелдер басынан орамалын тастамағаны жөн.
  3. Сауда жасағанда ешкімді алдамау, өтірік айтпау.
  4. Өзімізге қайтарып берілген ақшаны (сдача) сатушының көзінше санап алу. Жетпей тұрса жайлап айту, сатушы артық беріп жіберген болса артығын қайтарып беру.
  5. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ант беру тауарды өлтіреді және оны берекесінен айырады», – деген.
  6. Қатты дауыстамау, біреуді ғайбаттамау.
  7. Қасындағы адаммен айғайлап сөйлеспеу.
  8. Ешкімге кедергі келтірмеу.
  9. Ешкіммен ұрсыспау (біреу аяғыңызды басып кетсе, итеріп жіберсе т.б. жағдайларда дереу ашуланып ұрыспау).
  10. Жан жаққа алақ-жұлақ қарамау.
  11. Біреуге немесе бір затқа көрсеқызарлықпен қарамау.
  12. Базар аралап жүріп бірнәрсе жеп жүрмеу (самса, пирожки т.б.).

Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз