Мұсылман әйел жайлы 6 аңыз

245

Қазіргі таңда кейбір адамдар ашық-шашық киінген емес, етек-жеңін жауып, бес уақыт намазын оқып, жанын да, тәнін де көркем дінімізбен әсемдеп жүрген қыз-келіншектерден «шошиды». Олар туралы қаншама аңыздар құрастырады.

1-аңыз. Байғұс-ай, көптеген құқықтар мен бостандықтан айырылған.

Дінімізде әйел адам ерекше орынға, құрметке ие. Оларды қорлауға, зәбір көрсетуге, құқығы мен намысын аяқ асты етуге тыйым салынады.

2-аңыз. Олар сатып немес ауыстыра салатын құлдар сияқты.

Әйел – Алланың ерекше жаратылысы. Ол Алладан басқа ешкімнің құлы емес.

3-аңыз. Оларды күштеп тұрмысқа береді.

Ислам қағидаларына сәйкес, қыз баланы өзінің қалауынсыз тұрмысқа беруге тыйым салынады. Оларды күштеп тұрмысқа беруге ешкімнің құқығы жоқ.

4-аңыз. Оларды күйеулері ұратыны анық.

Қасиетті Құран Кәрімде әйел адамдарға қол көтермек түгілі, оларға дауыс көтеріп ренжітуге немес ауыр сөздер айтуға тыйым салынған. Олармен жұмсақ әрі жақсы қарым-қатынаста болуды бұйырады.

5-аңыз. Олар үйінен шықпайтын шығар…

Әйел адам бір жаққа барарда күйеуінен рұқсат сұрауы тиіс. Себебі, әйел адамға сыртта себепсізден себепсіз жайбарақат жүруіне болмайды. Мысалы, әйелі рұқсатсыз үйден шығып кетті делік. Күйеуі жұмыстан келді. Әйелі жоқ. Тамақ дайындалмаған. Үй шашылып жатыр. Мұндай жағдайда ер адам не істейді? Әрине, ашуланады. Әлден уақыттан соң әйелі келді. Күйеуі бірден: «Қайда жүрсің?» деген сұрақ қояды, ол орынды. Ары қарай не болатыны беп-белгілі. Міне, көрдіңіз бе, дініміздің мақсатының түп-төркіні қайда жатыр. Ол ерлі-зайыптылардың, жалпы адамдардың бірін-бірі ренжітпеуіне, тыныштық пен берекені сақтауға негізделген.

6-аңыз. Олар оқымайды, жұмыс та істемейді.

Алла тағала қасиетті Кітабында: «Уа, Раббым! Білімімді арттыра гөр!» ,- деп айт» – деп бұйырған («Таһа» сүресі, 114-аят).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кімде-кім білім жолына түссе, Алла тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді» – деген (Муслим, зикр 39).

Мұсылман әйел мұны біледі. Алланың бұйрығын орындайды. Сондықтан ол (әсіресе қазіргі дамыған заманда) білім алады, жұмыс та істейді.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз