Майлы тағамдар миға қалай әсер етеді?

424

Германия ғалымдары майлы тағамдардың (фастфуд, хотдог, гамбургер, чизбургер т.б.) адам денсаулығына қаншалықты әсер ететінін зерттеді. Бұл тағамдар асқазан ауруларына, қант диабетіне, семіздікке т.б түрлі ауруларға алып баратынынан бөлек, оның адам миына да зияны тиетінін анықтады.

Зерттеуге алынған кәдімді тышқандарға  3 күн бойы майлы тағамдар беріледі. Содан соң олардың миын тексергенде глюкозаның мөлшері тым аз екендігі анықталады. Милары әбден әлсіреп, глюкоза жетіспеген тышқандар бұйрықты сылбыр орындап, есте сақтау қабілеттері төмендеген. Осылайша, фастфуд, гамбургерлердің зияны дәлелденді. Оған қасында «үнемі еріп жүретін» кола, энергетикалық сусындарды қосыңыз…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз