Махамбет Өтемісұлы. Жалған дүние

17

Қоғалы көлдер, құм, сулар
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?
Басына жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған?
Таңдап мінген тұлпарлар
Иесін қайда жауға салмаған?
Құландар ішпес бұршақ қақ
Кімдерге шербет болмаған?
Садағына сары шіркей ұялап,
Жау іздеген ерлердің
Қайда басы қалмаған? –
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік,-
Ойласаңдар, жігіттер,
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз