Күйеуіңіздің көңілінен шыққыңыз келсе…

253

Кейбір әйелдердің: «Не істесем де күйеуіме жақпай-ақ қойдым» деп жатқандарын естіп қаламыз. Расында, неліктен олай? Ер адамдар соншалықты «қатал» ма? Жоқ. Керісінше, ер адамдар әйелдерге қарағанда әлдеқайда жұмсақ, мейірімді, көнбіс келеді. Тек оны «жақсы тани алсаңыз» болғаны. Келесі айтылғандар күйеуіңіздің көңілін табуға міндетті түрде көмектеседі:

 

  1. Алланың разылығы – күйеуіңіздің разылығында екенін ұмытпаңыз. Ол не деген сөз? Яғни, қарсылық танытпау, айтқанын орындау, кешіріммен қарау, сыйлау және т.б.
  2. Бірнәрсе айтса бірден «тұтанып» «жоқ!» деп шыға келмеңіз. Олай істегеннен гөрі былай дұрыс болады деген жылы сөздермен түсінісуге тырысыңыз.
  3. Ешқашан айтқаныңызды істетуге тырысып, «қасарысып» (қырсығып) отырып алмаңыз.
  4. Ешуақытта өтірік айтпаңыз.
  5. Ер адамдар тазалықты (барлық мағынада) жақсы көреді.
  6. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөліңіз.
  7. Оны жақсы көретініңізді жиі айтыңыз.
  8. Күйеуіңізді сыйлаңыз.
  9. Ер адамдар мақтаусүйер келеді, бұл олардың табиғатына тән. Сондықтан мақтап тұруды ұмытпаңыз.
  10. Жұбайыңыздың туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу да оған ұнайды.
  11. Жұмыстан келгенде міндетті түрде күліп қарсы алыңыз.
  12. Көбірек сырласыңыз.

2 пікір

  1. Еш қашан жолдасыңызды басқамен салыстырмаңыз,сенің табысың аз, басқалардай қолыңнан келмейді деп.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз