Күйеуіне ризашылығын білдіру (Әйелдер жайлы қырық хадис)

405

Әйелдер жайлы қырық хадис

 10 – хадис

 Күйеуіне ризашылығын білдіру

        Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) жеткізген риуаятта: «Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Тозақ тұрғындарының көпшілігі әйелдер, себебі олар күпірлік қылды», – деді. Одан: «Аллаға күпірлік еткен бе?», – деп сұрады. Сонда ол: «Күйеуіне күпірлік қылды, оларға жомарттық танытуда күпірлік қылды. Егер күйеуі оған өмір бойы жақсы қарым-қатынас жасап жүріп, бір күні күйеуінің бойынан (өзіне ұнамайтын) қандай да бір нәрсе көріп қалса: «Мен сенен ешқандай жақсылық көрмедім» деп айтады», – деп жауап берді (Бұхари, Муслим).

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз