Көз тию мен дуадан қорғайтын сүре…

704

«Фәләқ» сүресі

Меккеде түскен, 5 аяттан тұрады. Мәдинада түскен деп есептейтін ғалымдар да бар. Атауы алғашқы аяттағы «таң шапағы» мағынасындағы «әлфәлақ» сөзінен алынған. Сүре адамдарға бастарына келетін жамандық атаулыдан сақтануы үшін Аллаға қалай сыйыну керектігін үйретеді.

Айша (р.а.) анамыздың айтуынша, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қандай да бір ауру-сырқауға шалдыққанда «муаууизатәйнді» («Фәләқ» және «Нәс» сүрелерін) оқып, өз-өзіне дем салады екен.

Бисмилләһир Рахманир Рахиим

1. қул әъууз̃у бираббил фәләқ
2. мин шәрри мә халәқ
3. уәмин шәрри ғасиқин из̃ә уәқаб
4. уәмин шәррин нәффәс̃әти фиил ъуқад
5. уәмин шәрри хәсидин из̃ә хәсәд

Рахман әрі аса рақымды Алланың атымен (бастаймын).
1. (Оларға) айт: Таң шапағының Раббысына сақтай гөр деп сыйынамын;
2. Өзі жаратқан күллі жаратылыстың кесірінен;
3. жер бетін қаптаған қараңғы түннің кесірінен;
4. түйіншектерге үрлеп, дуалайтын дуашылардың (дуашы әйелдердің) есірінен;
5. сондай-ақ күндеген кездегі күншілдердің кесірінен (сақтай гөр деп сыйынамын).

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз