Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларына:
- Көшеде отырмауға тырысыңдар! – дейді. Сахабалар былай деп жауап қатты:
- Уа, Алланың елшісі! Біз көшеде отыруға мәжбүрміз, себебі онда достарымыз кездесеміз, әңгімелесеміз.
- Олай болса, жол бойында отырудың ережелерін сақтаңдар! Сахабалар таңданыспен былай деп сұрады:
- Уа, Алланың елшісі! Ол қандай ережелер? Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына ережелерді тізбектеп шықты:
- Тыйым салынған нәрселерге қарамау, көшеден өтіп бара жатқандарды ренжітпеу (оларға зиян тигізбеу), барлық адамдармен амандасу, тек ізгі нәрселерге шақыру (насихаттау, яғни тек жақсы нәрселерді айту) және жаман нәрселерден тыю (яғни, жаман сөз айтпау, отырған жерге қоқыстарды тастап кетпеу, дауыстап сөйлемеу, қатты күлмеу т.б) ((Бухари, Мазалим, 22).