Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер….

351

Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер,
Мұжыққа, хош аман бол, барасың да.
Қасиетті бабамыздың зияраты,
Қалдың ғой көшесінің арасында.
Моншаға зияраттың тасын алып,
Ағашын отқа мұжық жағасың да:
Таба алмай бір барғанда еш белгісін,
Көзден жас көлдей болып ағасың да.
Шалқар көл, аққан бұлақ, жайлы қоныс
Орман-тоғай кетті ғой ағашың да.
Ойласам мұның бәрін хиялы боп,
Қападан ішім оттай жанасың да.

Міржақып Дулатов

Қазақ тілі жоғалмас
Қызылшылсың қызарғанға тым құмар. ЕЛІМ-АЙ
ЖАС ҚАЗАҚТАР, ҚАЙДАСЫҢ?
Мың жеті жүз отыз бір санәсында…
Дүние – жемтік, мен – төбет

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз