Кімді тыңдайын: анамды ма… әйелімді ме?

187

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабаларының арасында Әлқама деген біреу болады. Ол үйленген соң анасына деген қарым-қатынасы күрт өзгереді. Анасы баласының бұл қылығына қатты ренжиді. Арада біраз уақыт өтеді. Бір күні Әлқама төсек тартып өлім аузында жатады. Бір кездері анасын ренжітіп, ауыр сөздер айтқан оның тілі күрмеліп, тіпті таухид (Алла жалғыз дегенді білдіреді) айта алмай қалады. Жаны қатты қиналады. Тек Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өтінішімен кейуана баласын кешіреді. Содан соң ғана кісі Аллаға иман келтіріп, көз жұмады.

Оны жерлеп жатқанда Алла елшісі (с.ғ.с): «Ей, мұхажирлер мен ансарлар! Кімде-кім әйелін анасынан жоғары қойса, Алланың қаһарына ұшырайды. Оның жасаған құлшылықтарынан да, ізгі істерінен де ешбір пайда жоқ, ешқайсысы қабыл болмайды», – дейді.

Бұл келін енесінен төмен саналады деген сөз емес. Дінімізде әйелдердің құқықтары тең. Тек осыны әйел адам дұрыс түсініп, күйеуі мен енесінің қарым-қатынасында ақыл-парасатына, иманы мен ибасына жүгінсе екен.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз