Келіннің қолынан шай ішейік… (келін шайды қалай құюы керек?)

394

Келін түсіріп, тойға келгендер тарқап, үй иелері өздері оңашаланып қалған соң, жақындары келіп қолынан шай ішуге жиналады. Келгендерге келін самауыр қояды, нан пісіреді, қысқасы, келін қолынан әзірленген дастарқан жайылады. Келін шай құяды. Бұл дәстүрдің екі мағынасы бар. Біріншіден, келіннің үй шаруасына, дастарқан берекесіне ыңғайын байқау. Жас келін мұндайда кесені сылдырлатпай, шынашағын шошайтып (бұл әдет белгісінің бір шарты), баппен шай құя отырып өзін танытады, шеберлігін, ыңғайын байқатады. Әр адамның кесесін кешіктірмей әрі адастырмай шай құйып отырауы да ескеріледі. Екінші, келін қолынан ата мен ененің шай ішуі – бір үлкен жетістік, қуаныш, «біздің бала ержетіп, келін түсірді, ата-ене атандық, қолымыз ұзарды» деген мақтаныш, бедел, мәртебе. Осылайша, тойдың аяғы келін қолынан шай ішумен аяқталады. Ақ босағаны аттаған тәрбиелі жас осы үйдің өз адамының бірі қатарында отбасылық өмірге араласып кетеді.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз