Жұмыс іздеп және істеп жүргендер нені білуі керек?

463

Еңбектеніп, маңдай терімен табыс табу, отбасын асырау, Алла тағаланың ризық-несібесін адал жолмен табу  – басты міндеттеріміздің бірі. Себебі Алла тағала Қасиетті Құранда: «Оның еңбегінің жемісі алдағы уақытта міндетті түрде көрінетін (әрі лайықты түрде бағаланатын) болады. Содан кейін оған (еңбегінің) қарымы толық қайтарылады» («Нәжм» сүресі,40-41-аяттар) деп табысымызды қайдан, қалай, қандай жолмен тапқанымызға есеп беретінімізді жеткізген.

Сол себепті жұмысқа кірерде, жұмыс істеп жүргенде тапқан табысымызға қойылатын мына талаптарды ескеруіміз міндетті:

  1. Спирттік ішімдіктер, шылым, басқа да арсыздыққа алып баратын заттар сататын дүкендер ашпау және ол жерде жұмыс істемеу;
  2. Кафе, бар, түнгі клуб сияқты жын-ойнақтың ордасында (официант, администратор, тіпті қарапайым жұмысшы болып та) жұмыс жасамау, сондай орындарды жалға алмау немесе ашпау.
  3. Ақшаны пайызға беру арқылы таппау.
  4. Біреуді алдау, арбау, ұрып-соғу, қорқыту, тартып алу арқылы пайда көрмеу.
  5. Аяқ-қолы бүтін, жұмыс істеуге қабілетті бола тұрып ақшаны біреуден қарыз сұрап немесе қайыр тілеп таппау.
  6. Қазіргі таңдағы интернет арқылы бір заттарды еселеп қымбаттатып сататын ұйымдарда, арсыз, адамды теріс жолға итермелейтін видео, бейне роликтерді интернет желілеріне салу арқылы пайда табуға болмайды.
  7. Құмар ойындары арқылы түскен ақша.

Бұлардың барлығы – харам табысқа жатады. Оның берекесі болмайды, харам табыс күнәнің қатарына жазылып, ақыретте есепке алынатын болады. Сондықтан ас ішпестен бұрын «бұл нан маған қайдан келді, қалай таптым, бұл асым адал ма, арам ба» деп бір сәт ойланған жөн-ақ.

Әйел ақшаны қайда жұмсағанын күйеуіне айтуға міндетті ме?

Қарыз алушы мен беруші білуі тиіс қағидалар

Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?

Бай және кедей

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз