Әбу Бәкір әс-Сыдық (р.а.) – Хадиша (р.а.) анамыздан кейінгі болып Исламды қабылдаған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бірінші сахабасы. Меккеліктердің құрметіне ие болған, әділдігімен, сезімтал жүрегімен, жомарттығымен ерекшеленген. Бар байлығын Исламның өркендеуіне жұмсап, өзі өте қарапайывм өмір сүрген. Пақырлар мен әлсіздердің жақтаушысы болған. Алла елшісінің (с.ғ.с.) ең жақын досы, Құранда ол жайлы «екеуінің екіншісі» делінген. Құранның кітап болып жинақталуына сеп болған. Мұсылмандардың бірінші халифасы болып сайланған. Көз жұмар алдында өзіне тиесілі жердің барлығын сатуды, өзін Алла елшісінің (с.ғ.с.) жанына жерлеуді өсиет еткен.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әбу Бәкір (р.а.) жайлы: «Бізге жасаған жақсылықтары үшін Әбу Бәкірден өзге. ешкімді алғыссыз қалдырмадық. Оның бізге жасаған жақсылықтарының көптігі сонша, Қиямет күні Алла тағаланың Өзі оған сый жасайды…» деген.