Жұмаға асық, ағайын!

228

«Уа, мүміндер! Жұма намазына шақыратын азан айтылған кезде Алланы еске алуға (яғни, жұма намазын оқып, құтпа тыңдауға) асығыңдар. Сауда- саттықты (басқа да дүние тіршілігін) қоя тұрыңдар. Егер біле білсеңдер сендерге сол қайырлы. Намаз оқылып болған соң, жан-жаққа тарап, Алланың мол рақымынан (кәсіптерің арқылы) өз несібелеріңді іздеңдер. Нағыз жетістікке жетуге үміттене отырып, Алланы жиі еске алыңдар» («Жұма» сүресі, 9-10-аяттар).

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Бес уақыт намаз арасында, жұма намазы мен келесі жұманың аралығында және Рамазан айы мен келесі Рамазан айы аралығында үлкен күнәлар жасалмаса, аталмыш құлшылықтар сол аралықта жасалған кішігірім күнәлардың кешірілуіне себепші болады», – деп айтты» – деген (Муслим, таһарат 16).

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз