Жұбайыңыз «жоқ» десе, ренжімеңіз (Ерлі-зайыптылар мына істерді жасамаулары тиіс)

400

Ерлі-зайыптылар мына істерді жасамаулары тиіс

3. Жұбайыңыз «жоқ» десе, ренжімеңіз.

        Отбасылық өмірде ерлі-зайыптылардың сыйластығы, достығы, рухани байланысынан бөлек олардың жақындасулары да маңызды орын алады. Алайда кейде ер адамдардың да «жоқ» деп айтатын кездері болады. Ондай кездері әйелдер түрлі жаман ойларға берілуі мүмкін. Бірақ ол дұрыс емес. Оның себептері де әртүрлі: күйеуіңіз ауырып жүруі мүмкін (оны сізге айтпауы да мүмкін), шаршау, депрессия, бірнәрсені қатты уайымдап жүрсе, жұмыстары көбейіп кетсе т.б. Осыны ескеріп әйел бірден теріс ойларға берілмей, күйеуін  түсінуге тырысуы керек. Егер ол әдеті тым жиілеп кетсе сөйлесіп, ауырып жүрсе емделіп дегендей мәселені шешіп алған дұрыс. Себебі, ерлі-зайыптылардың жақындасуы отбасылық өмірде маңызды рөл атқарады.

Ал әйелдердің «жоқ» деуінің себептері мыналар болуы мүмкін: әйел адамның ағзасы ерлерге қарағанда нәзік, сондықтан олар жиі ауырады, тек әйелдерге тән уақыттар (жүктілік, хайыз (етеккір), нифас (босанғаннан кейінгі кезең)), шаршау, депрессия, психологиялық күйзелісте жүру т.б. Мұны ер адамдар түсінуі тиіс.

Ал себепсізден себепсіз жақындасудан бас тартуға болмайды. Ол ер адамдарға да, әйелдерге де қатысты.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз