Жомарт отағасы

308

Бірде Әли бин Әбу Тәлиб (р.а.) әйелі Фатима әз-Захрадан:

– Қарным ашты, үйде жейтін нәрсе бар ма? – деп сұрайды. Әйелі ештеңе жоқ екенін, бірақ 6 тиын бар екенін айтады. Ақшаны алып Әли базарға беттейді. Жолда бір кісінің қасындағы кісінің жағасынан ұстап алып:

– Маған қарызыңды қайтар, болмаса сотқа кеттік! – деп айғайлап жатқанын көріп қалады. Кісі қарызды өтейтінін, кішкене уақыт беруін өтінгенімен қарыз беруші көнбейді. Әли олардың қасына келіп:

– Қанша ақшаға дауласып жатырсыңдар? – деп сұрайды.

Даудың 6 тиын үшін орын аланын естіген ол қолындағы бар ақшасын беріп, кісі байғұсты құтқарып қалады. Бірақ үйіне бара жатып әйелінің күтіп отырғаны есіне түсіп ішінен:

«Фатима Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тегінен шыққан, ол оның қызы, ол – барлық әйелдің ханшайымы, мені түсінуге тиіс» – деп ойлайды. Әйелі:

«Сен дұрыс істедің, ол кісіні қиыншылықтан құтқардың» дейді. Бірақ мұңайып қалады. Әйелінің мұңайғаны мен екі баласының қарны ашып жылағанын көрген ол да қамығып үйінен шығады да:

«Алла елшісіне (с.ғ.с.) барып оның жүзін көріп мұңымды ұмытайын» деп ойлайды.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үйіне келе жатып түйе жетектеген бір кісіні көреді. Ол кісі Әлиден:

– Түйемді сатамын, аласың ба? – деп сұрайды.

Әли өзінде ақша жоқ екенін айтса да ол кісі түйесін 100 дихремге қарызға беріп кетеді.

Түйені жетектеп келе жатқаны сол-ақ екен, алдынан тағы бір кісі кезігеді де:

– Түйеңді 300 дихремге сатасың ба? – дейді.

Түйені сатып, ақшасын алып базарға барып керекті нәрселерін алады да үйіне келеді.  Болған жайды әйеліне баяндап береді. Тойып тамақтанып алған олар Аллаға шүкіршілік етіп, алғыс айтады.

Содан соң Алла елшісіне (с.ғ.с.) барады. Оған да болған оқиғаны айтып береді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Түйені саған Жебірейіл (ғ.с.) сатты, ал Исрафил (ғ.с.) сатып алды. Ал түйе жұмақ бақтарынан түсті. Жаратушы Алла әлгі қарызданған кісіге көмектескенің үшін сенің несібеңді еселеп көбейтті. Ал мәңгілік өмірде саған беретін есебін Өзінен басқа ешкім де білмейді, – дейді.

 

«Созвездие праведных халифов». Қазақ тіліне аударған: asylsoz.kz

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз