Жиі ашуланасыз ба? Онда оқыңыз!

535

Бір жігіт өте ашуланшақ, тым беймаз екен. Өзінің бұл әдетінен арылу үшін көмек сұрап бір данышпанға келеді. Сонда ол жігітке іші шеге толы дорбаны беріп әр ашуланған сайын бір шегені алып бақшасындағы ең алыс орналасқан бір ағашқа қағуға кеңес береді.

Жігіт үйіне қайтып келеді. Бір кезде бірнәрсеге ашуланады да шеге есіне түсіп бақшасына шығып ең шетте орналасқан ағашқа қағып келеді. Арада біраз уақыт өткенде ашуланып, бақшаға барып шеге қағып жүргеннен гөрі ашуланбай отырғаны әлдеқайда оңай екенін түсінеді.

Данышпанға қайта келіп бұл ойын айтады. Қария жігітпен бірге бақшасына келеді де әлгі ағашқа қағылған шегелерді «біртіндеп алып таста» дейді. Барлық шегелерді суырып тастаған жігітке данышпан: – Көрдің бе, мына іздерді? Дәл осы сияқты, егер сен ашу үстінде біреуге қатты сөз айтып, ренжітер болсаң, ол адамның жанына жазылмайтындай жара саласың. Сондықтан әрқашан сабырлы болуға тырыс. Ал егер біреуді ренжітіп алсаң, алдымен Алладан, содан соң сол адамнан кешірім сұрауға асық» – дейді.

Өзіңіз жайлы білгіңіз келе ме? Онда оқыңыз…

Біреуге ренжіп, кешіре алмай жүрсіз бе? (онда оқыңыз!)

Бұл қиындық та өтеді…

Жұмақ пен Тозақтың тілдесуі

Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?
Тәттіге құмарлықтың себебі неде?
Әйелдердің Рамазан айына дайындығы: қажетті кеңестер
Өзіңіз жайлы білгіңіз келе ме? Онда оқыңыз…
Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

3 пікір

  1. Мен де үнемі ашулы жүремін, бірақ менде шеге қағатын ағаш жоқ, не істеу керек? Мешіттегі молдалар сабыр ет дейді. Олардың құр сөзінен не пайда? Сол сабырды практика жүзінде қалай іске асырсам болады? Меніңше біз мұсылман болсақ та, құран мен хадисті іс жүзінде орындай алмай жүрген сияқтымыз. Біз анау Америка құрама штаттарындағы християндарды дінсіз, ойына келгенін істейді деп айыптаймыз, бірақ сол құрлық жақта оқып, өмір сүріп келген достарым Америкада адамдар өте сыпайы, мәдениетті және мейірімді деп ауыздарының суы құрып мақтайды. Кейде мен ойлаймын, исламдағы сүннет амалдарды солар тапжылтпай орындап жатқан сияқты деп. Көп имамдар мен діни адамдар, ашуыңды жеңу үшін сабыр ет – деп, айтады. Сабырлы болуымыз үшін не істесек болады?

    1. Озин ойлан ашуланып бара жатып мен казир не истей алам деп.Егер басқа амалың калмаса ундеме.Осы жайында хадис бар

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз