Жігіттің жігіті

31

Біреуіміздікі жақсы, біреуіміздікі жетімсіз. Бала өсе келе негізге тартады. Негізіміз – тәрбиеміз, ата-анамыз, көрші-қолаңымыз. Тәртіпті, тәрбиелі бала жаманшылықтан аулақ жүреді. Ал тәрбиесіз бала тәртіпсіздікке, жаман іске үйір келеді, соған бейімделеді.

Бала тәрбиенің жоқтығынан бұзылады. Халқымызда: «Жігіттің жігіті өз нәпсісіне ие болған» деген мақал бар емес пе?  Нәпсі деген нәрсе, ол өзі бір қазыналы қоймаға ие болды, не сенімді бір жақсы адам атанды. Ол: «Мынаның бәрі қолымда тұр, төгіп ішіп-жейін», – деп ойлайды. Оған тағы бір жолдас табылуы мүмкін. – «Осыны бүйте салалық. Ешкім білмейді, білдірмейміз. Біз деген шебер жігіттерміз ғой. Пәлен уақытта да өстіп білдірмей кеткенбіз», – дейді ол. Содан теріс жолға бет түзей бастайды.

Бір білдірмейді, екі білдірмейді. Сөйтіп құнығады. Оның қашан ес жияры белгісіз. Бала жасында бойына үйір болған әдетті тастағысы келмейді. Ол ет пен терінің арасында жүреді.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз